«Мақта матадан тігілген – таза өнім» жобасы

«Болашаққа қадам» жобасының келесі жеңімпазы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосында орналасқан «Жайдарлы» Үкіметтік Емес Ұйымы.

Бұл ұйым «Мақта матадан тігілген – таза өнім» жобасын жүзеге асырды.Ашылу салтанатына Бейнеу аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Е.Н.Хайруллаев нысанның ашылуы мақсатын, жобаның демеушілері , жұмысқа қабылданған адамдар туралы ауыл тұрғындарына егжей – текжейлі түсіндіріп өтті.

Ауыл тұрғындары табиғи матадан тігілген өнімнің қажеттілігін тілге тиек етіп, жүрек жарды лебіздерін білдірді. Облыстық «Маңғыстау» газетіне, аудандық «Рауан» газетіне тілші мақалалары басылып, облыс, аудан тұрғындары хабардар етілді. Әлеуметтік желілерге( Facebook,VK,WhatsApp) салынып, халық арасына таратылды.
Балалар киімдері үлкен сұранысқа ие болып жатыр. Перзентханадан шыққан балаларға көрпе, жаялық, жейде, ползунки, қолғап яғни барлық керек – жарағы бір жерден табылып, қуанып жатыр. Жеке кәсіпкерлерде тапсырып беріп, тіктіріп алып жатыр.