Елордада І-ші Халықаралық Қазақ вальсі өтті

Астана қаласындағы Салтанат Сарайында Біріккен Ұлттар Ұйымының 70-жылдығына орай Бірінші Халықаралық Қазақ Вальсі өтті.

Қазақ вальсі балы Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқан кезден бастап алғашқы рет өткізіліп отыр. Салтанатты іс-шараны қазақстандық өкілдермен қатар БҰҰДБ Тұрақты өкілі және БҰҰ Резидент үйлестірушісі Норимаса Шимомура.

«БҰҰДБ Қазақстанда өз өкілдігін 1993 жылы ашты. Осы 23 жыл ішінде Қазақстан үкіметімен бірге ел дамуына қажетті барлық мүдделермен жұмыс істедік. БҰҰДБ заң бойынша «жасыл экономиканы» қолдайтын тәжірибелі ұйымдардың бірі саналады. Қазақстанды тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Келер жылы тәуелсіздікке 25 жыл толады. Бұл үлкен мереке», — деді ол.

Атап өтсек, БҰҰ 1945 жылдың 24 қазанында 51 елмен құрылды. Қазіргі уақытта ұйымда 193 мүше-мемлекет бар. Қазақстан

1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ-ның мүшесі болды.

Қазақ Вальсінің негізін қалаушылар — Латиф Хамиди, Шәмші Қалдаяқов. Сол себепті бүгін дебютанттар қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың музыкасына және аты аңызға айналған, қазақ Вальсінің Примасы атанған Бибігүл Төлегенованың жанды дауысына вальс биледі.

Б.Төлегенова осындай мерекелерде қазақстандық жастарға әдемі музыка, симфониялық орекстрдің сүйемелдеуімен әндер шырқалу керек, сонда жастардан бақытты адам болмайды деді.

Балға дебютанттар ретінде ЭКСПО-2017 еріктілері мен супервайзерлері қатысты. Кеш қонақтары ретінде Халықаралық ұйымдар, дипломатиялық корпус, мемлекеттік орган, мәдениет қайраткерлері, жастар ұйымдарының көшбасшылары және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері келді.

Балды Халықаралық G-Global Хатшылығы, Қазақстанның еріктілер Альянсы ЗТБ, БҰҰ Даму Бағдарламасы және «Expo&Women» Халықаралық Ұйымы ұйымдастырды.

Атап өтсек, қазан айынан бері барлық әлемде БҰҰ 70-жылдығына және 2015 жылдан кейінгі даму күн тәртібін қабылдауға арналған іс шаралар өтуде. Мемлекетіміздің БҰҰ 70 — жылдығына қосқан үлесі ретінде Әлемдік Дағдарысқа қарсы Конференциясын ұйымдастыру, Астана Экономикалық Форумы, Антиядролық қозғалыс, Әлемдік Дағдарысқа қарсы жобаны қабылдау тұжырымдамасы, Ғаламдық энергия-экологиялық стратегиясы, Жасыл Көпір серіктестік Бағдарламасы және басқа да ғаламдық бастамаларды атап өтуге болады.

Осылайша, Халықаралық Қазақ Вальсін ұйымдастыру G-Global идеялары мен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінде біздің мемлекетіміздің тарихы мен бай мәдениетін барлық әлемге көрсетіп, таныту керек», деген сөздеріне негізделген.

2016 жылы Бал Астана күнін атап өту барысында ашық аспан аясында, ал 2017 жылы Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі аймағында өтеді деп жоспарлануда.

Фотогалерея…